Моңғолияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

1242

 Моңғолияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

 Моңғолия тарихында алғаш рет президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. Бұл екінші кезең 9 шілдеге жоспарланды. Өйткені саяси науқанның алғашқы кезеңінде ешбір үміткер межелі 50 пайыздан астам дауысқа ие бола алмады, деп хабарлайды 24.kz. 

Айта кету керек, президент сайлауы Моңғолияда осымен жетінші рет өтіп жатыр. Биыл елге басшы болуға ниеттенген үш кандидат сайлауға түскен болатын. Енді екінші кезеңде көп дауысқа ие болған екеуі бақ сынайды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Демократиялық партия үміткері Халтмаагийн Баттулга көш бастап тұр. Оны сайлаушылардың 38 пайызы қолдаған. Ал басты қарсыласы биліктегі халық партиясының кандидаты Миеэгомбын Энхболдты халықтың 30 пайызы жақтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу