1-2 курс студенттері мен магистранттар университетке "кешігіп" барады

963

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары үшін жаңа оқу жылы қашан басталатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

1-2 курс студенттері мен магистранттар университетке "кешігіп" барады

Қуаныш Ерғалиевтің сөзінше, оқу жылы 3-4 курс студенттері үшін 1 қыркүйекте, 1-2 курс және магистранттар үшін университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қыркүйек айының соңына дейін басталады.

"Жоғары оқу орнының аумағы, оқу ғимараттары, кітапхана мен жатақханаларда міндетті түрде Ashyq қосымшасы пайдаланылады. Оқу ғимараттарына "Жасыл" немесе "Көк" мәртебесі бар білім алушылар кіре алады, ал оқытушылар мен қызметкерлер үшін "Жасыл" мәртебе міндетті болады", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу