1-2 мамыр Қырғызстанда аза тұту күні болып жарияланды

1272

Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды 

1-2 мамыр Қырғызстанда аза тұту күні болып жарияланды

1-2 мамырда Қырғызстан қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс кезінде қаза тапқандарға ұлттық аза тұту күндерін жариялады, тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жарлыққа қол қойды, оған сәйкес 1-2 мамыр ұлттық аза тұту күні болды", - деді президенттің баспасөз қызметі сенбіде.

"29-30 сәуір күндері Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көп адам қаза тауып, зардап шеккен. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да, әскери қызметкерлер де бар. Қарулы қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындардың және заңды тұлғалардың мүлігі айтарлықтай зақымдалған", –деп жазылған Қырғызстан президентінің жарлығында.

Ұлттық аза тұту күндері елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелерде Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік тулары түсіріледі.

Мәдениет мекемелері және телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күндері ойын-сауық шаралар мен бағдарламаларды таратпау ұсынылды. Қырғыз Республикасының үкіметіне жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қолдану тапсырылды.

Бейсенбіде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында жағдай ушығып кетті, екі елдің әскери күштері арасында атыс басталды, құрбан болғандар бар. Екі тарап шиеленісті күшеюіне бірін-бірі айыптады.

Қырғызстан елінің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, қарулы қақтығыс салдарынан 31 адам қаза тауып, 154 адам зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу