"1,5 трлн теңге": Сатқалиев зейнетақы қорындағы қаржыны энергетика жобаларына бағыттауға қатысты түсініктеме берді

436

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы 1,5 трлн теңге қаржысы инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуы мүмкін.

"1,5 трлн теңге": Сатқалиев зейнетақы қорындағы қаржыны энергетика жобаларына бағыттауға қатысты түсініктеме берді Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев энергетика саласына бағытталған инвестициялар ең сенімді екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"БЖЗҚ қаржысын пайдалануға келетін болсақ, әлем бойынша энергетика саласына бағытталған инвестициялар ең сенімді болып есептелінеді. Республиканың ішінде мемлекет бағаны реттейтінін ескерсек, бізде төлем тәртібі өте жоғары. Бізде электр энергиясының тапшылығы байқалады. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша ауқымды бағдарлама бар. Тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, яғни энергетика саласы дамитын болады. Яғни, энергетика саласы инвестициялық тұрғыдан тартымды бола түспек. Бұл – Үкіметтің алдындағы негізгі міндеттердің бірі", - деді ол Мәжілісте өткен комитет отырысының кулуарында. 

Министрдің сөзінше, зейнетақы қорының энергетика жобаларына ақша бөлуге ұйғаруы бұл жобалардың сенімді болатынын білдіреді.

"Қарыз алушы болып "Самрұқ-Қазына" компаниялар қоры белгіленеді, ал Үкімет акционер болады", - деп нақтылады Алмасадам Сатқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу