1,6 трлн теңгеге 615 шарт жасалды

685

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік электронды форматқа ауыстырылады.

1,6 трлн теңгеге 615 шарт жасалды

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылған жобалардың басым бөлігі білім беру және денсаулық сақтау салаларын қамтып жатқанын жариялады. 

"1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 1253 жоба іске асты. Бұған 3,5 трлн теңге жұмсалды. Бүгінге дейін 1,6 трлн теңгеге 615 шарт жасалды. 638 жоба пысықталып жатыр. Оған 1,9 трлн теңге жұмсалуы мүмкін", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, жобалардың басым бөлігі білім беру және денсаулық сақтау салаларына тиесілі болған. Бұдан кейінгі орындарды мәдениет, спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық салалары иеленген. 

Руслан Дәленовтің сөзінше, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің буынын бекіту үшін барлық рәсімдерді электронды форматқа ауыстыру қажет. Бұл үшін алдағы уақытта тендерлік рәсімдер, қорытынды шығару, тіркеу, шартты орындау сынды жұмыстар цифрландырылады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу