Бұланды ауданының прокуратурасы туристік кластерді дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуын тұрақты түрде талдап келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарға сай пайдаланбағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 1 млрд 800 млн теңге болатын мемлекеттік орман қорының жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұл аумақтар кейіннен туристік бизнесті дамыту үшін әлеуетті инвесторларға беру жоспарлануда.
Жұмыс осы бағытта жалғасып жатыр.