1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

113

Бүгіннен бастап Қазақстанның шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеуді доғарды.  

1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты Фото: egemen.kz

Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігі бүгін шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру тәртібіне қатысты жедел хабарлама жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елшіліктің Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, шетелдіктерге ЖСН беру бойынша пилоттық жоба тоқтады.

Сонымен бірге, уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстанға келмей-ақ онлайн форматта бірқатар мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алуға мүмкіндік беретін eResidency бағдарламасын іске қосқанын атап өтті. Бағдарлама аясында ЖСН қамтылған цифрлық ID-карта алу да қарастырылған.

Елшіліктің түсіндіруінше, бұл бастама шетелдіктерге Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе рәсімдеп, елдің бизнес мүмкіндіктері мен онлайн сервистерін пайдалануға жол ашады.

eResidency бағдарламасы арқылы мына қызмет түрлеріне қол жеткізуге болады:

  • ЖСН көрсетілген цифрлық ID-картаны алу;
  • Қор нарықтарына, криптобиржаларға және қазақстандық нөмірі бар eSIM-ге қол жеткізу;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) мен сақтандыру қызметтерін рәсімдеу;
  • Қазақстандық карталарды пайдаланып, онлайн банк шоттарын ашу;
  • Төлем қызметтеріне қатысты салықтық резиденттік пен эквайринг мүмкіндіктерін алу.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу