1 қазан мен 31 наурыз аралығы ЖРВИ маусымы саналады – сарапшы

1076

Бұл кезеңге дайындық қыркүйек айынан басталады. 

1 қазан мен 31 наурыз аралығы ЖРВИ маусымы саналады – сарапшы

ЖРВИ, КВИ дифференциалды диагностикасы және тұмауға қарсы вакцинациясы туралы онлайн-брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың штаттан тыс бас инфекционисті Тамара Ұтағанова тұмау маусымы және оған дайындық туралы сөз қозғады. 

"ЖРВИ маусымы деп биылғы жылдың 40-шы аптасы мен келесі жылдың 20-аптасын айтамыз. Яғни, бұл 1 қазан мен 31 наурыз аралығы. Дәл осы кезең тұмау маусымы деп аталады. Оған дайындықты, вакцинацияны алдын ала бастаймыз. Шамамен қыркүйек айынан. Әсіресе, қатерлі топтағы азаматтардың вакцинациясын. Себебі ол тұмау профилактикасының негізгі шарасы болып табылады", – деді Тамара Ұтағанова. 

Сонымен қатар ол коронавирус пен тұмау белгілерін ажыратуға болатынын айтады.  

"Тұмаудың клиникалық белгілері бұрынна мамандарға белгілі. Ал коронавирустық инфекцияның клиникалық көрсеткіштерін көктемнен бері біліп қалдық. Оларды ажыратуға болады", – деді сарапшы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу