1 қазанда оңтүстік өңірде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді

166

"Қазгидромет" алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.  

1 қазанда оңтүстік өңірде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді Фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы күндері оңтүстік облыстарда күн күрт суытатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктер түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерге дейін төмендеп, кейбір аудандарда жаңбыр қарға ұласатынын айтты.

"Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырып, енді ауа райының нашарлауы оңтүстік өңірлерде де күтіледі", – делінген хабарламада.

1 қазанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облысында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында қар аралас жауын болжанып отыр.

Сондай-ақ 1 қазан күні күндіз ауа температурасы +5-10 градусқа дейін төмендеп, 2 қазанға қараған түні 1-3 градустық үсік жүруі мүмкін.

Бұған дейін Қостанай облысында қар жауып, 9 автокөлік республикалық жолдың бойында жиекке шыққанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу