1 қазанда темекі өнімдерін таңбалау басталады

1133

Темекі сататын дүкендерге Data Matrix кодын оқитын 2D сканер орнату қажет.

1 қазанда темекі өнімдерін таңбалау басталады

10 қыркүйекте Үкімет "Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" қаулы қабылдаған болатын. Құжат бойынша 1 қазаннан бастап құрамында темекі бар фильтрлі, өзге де сигареттер және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап стиктер, сигаралар, сигарилдер, қыздырылатын темекі сияқты темекі өнімдерінің өзге де түрлері таңбалануы керек. 

"Таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу екі кезеңмен жүреді. Бірінші кезеңнің қатысушылары өнімге эмиссияны және таңбалау кодтарын енгізуді жүзеге асыратын темекі өнімдерін өндірушілер/импорттаушылар, сондай-ақ бақылау-касса машинасының көмегімен темекі өнімдерін сатуды жүргізетін бөлшек сауда буыны болады. Бұл ретте құжаттармен жұмыс істеу функционалы (қабылдау /беру актісі, хабарлама) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы ақпараттық жүйесінің Web-қосымшасында қолжетімді болады және айналымның барлық қатысушылары ерікті негізде пайдалана алады. Сондай-ақ, таңбаланған өнімді тегін мобильді қосымшаның көмегімен шығаруға болады", – деп жазылған ресми мәліметте.

Таңбаланған темекі сату үшін Data Matrix кодын оқитын 2D сканерді орнату қажет: Ресми мәліметке сенсек ондай сканерлердің нарықтағы бағасы 25 мың теңгеден басталатын көрінеді. Келешекте саудаға шығарылған темекі өнімнің акциздік маркасы болмаса,  "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 283-бабы бойынша шара қолданылады.

Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін elk.prod.markirovka.ismet.kz сілтемесі бойынша өту және темекі өнімдерінің айналымына қатысушы ретінде тіркелу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу