1 қорап печенье ұрлаған адамды ұстауға жедел тергеу тобы құрылды

1084

Күдікті оқиға болған жерден көп ұзамай табылған.    

1 қорап печенье ұрлаған адамды ұстауға жедел тергеу тобы құрылды

Ұрлық дерегі Түркістан облысы, Түлкібас ауданында орын алған. Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын автотұрақта тұрған "ВАЗ"  көлігіне ұрлыққа түскенін айтып арызданған. Белгілі болғаны, әлдекім көліктің әйнегін сындырып, ішіндегі домкрат (көлікке қажетті құрал) пен 1 қорап печеньені қолды етіп кеткені белгілі болған. Жалпы шығын - 26 мың теңге, деп жазады inbusiness.kz  полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлыққа қатыстыларды анықтау үшін тәжірибелі тәртіп сақшылары арасында жедел тергеу тобы құрылыпты. 

"Тергеу барысында күдіктінің жергілікті тұрғын екені анықталды. Ол түс шамасында автотұрақта  ешкім жоқтығын пайдаланып,  өз ойын жүзеге асырмақ болған. Бүгінгі таңда күдікті жас жігіт өз кінәсін толықтай мойындады. Бас шарасы қолхатта. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-ның 188-бабы "Ұрлық"  бабы бойынша тіркеді" делінген ведомстваның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу