1 қыркүйекке дейін елге әкелінген көліктер 200 мың теңгеге рәсімделмек

589

Мәжілісте салым-cалыққа қатысты заң жобасы қаралды.

1 қыркүйекке дейін елге әкелінген көліктер 200 мың теңгеге рәсімделмек Фото: elorda.info

Бүгін Мәжілісте "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  ҚР кодексін қолданысқа енгізу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды, деп жазады inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаттары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерді тіркеу үшін 200 000 теңге мөлшерінде төмендетілген алым мөлшерін белгілеу ұсынды. Бұл алым көліктерді заңдастырып, атомобильдерге меншік құқығын тіркеуге және болашақта бюджетке көлік салығын төлеуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте механикалық көлік құралдарының санаттарын, алым мөлшерлемесін қолдану тәртібін, шарттары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру, оларды кәдеге жарату және бастапқы тіркеу кезінде 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алым белгілеу туралы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу