1 қыркүйектен бастап студенттер, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы артты

963

Бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға ұлғайтылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

1 қыркүйектен бастап студенттер, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы артты

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев: "Бакалаврда оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін артты. Педагогикалық бағыт бойынша оқитын жоо студенттері бұрын 42 000 теңге алса, енді 50 400 теңге алатын болады. Біз Президенттің тапсырмасын орындап, болашақ дәрігерлердің стипендиясын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алатын болады. Өткен жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шәкіртақы 25%-ға ұлғайтылды. Шын мәнінде, соңғы екі жылда бакалавриатта оқитын студенттердің стипендиясы шамамен 2 есе артты", – дейді.

Ведомство мәліметінше, магистранттар, докторанттар мен интерндердің де шәкіртақысы көбейген. Егер бұрын магистранттар 66 913 теңге алса, енді олардың ай сайынғы стипендиясы 76 950 теңге. Докторанттар стипендиясы 150 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін, интерндерде 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге дейін өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу