1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі

703

Яғни студенттер 20%, ал магистранттар мен докторанттар 15%-ға көтерілген шәкіртақы алатын болады.

1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі

Педагогикалық бағытта білім алатын студенттер айына 58 мың теңгеден жоғары, басқа салаларда шамамен 37 мың теңге ала бастайды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Магистранттар үшін шәкіртақы айына 86 987 теңгеге, докторанттар үшін 195 000 теңгеге дейін өседі.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттерге ай сайын 31 423 теңге, магистранттар 76 950, докторанттар 172 500 теңге шәкіртақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу