1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көтеріледі

682

Күзден бастап педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің стипендиясы 84 мың теңге болады.  

1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көтеріледі Фото: ortcom.kz

Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Гүлзат Көбенованың айтуынша, 2020 жылдан бері студенттердің шәкіртақысы 2 есе өскен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Жоғары білім қолжетімділігін арттырудағы ерекшеліктердің бірі – биыл қабылданған "Келешек" Бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін ендіру туралы Заң. Бұл заң студенттерді қолдаудың қосымша шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Заң қабылданғаннан бері, 8 айда 35 мыңға жуық салымшылар "Келешек" жүйесіне тіркелді. Әкімдіктер, жұмыс берушілер, әртүрлі қорлар биыл да жылдағыдай мемлекеттік гранттардан басқа 5 мыңға жуық грант бөлді, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жаңа оқу жылынан бастап бакалаврлардың стипендиясы 52 372 теңге, педагогикалық мамандықтар үшін 84 мың теңге, магистранттар үшін 117 098 теңге, ал докторанттар үшін 262 500 теңге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу