1 мамырдан бастап Астана әуежайының жұмыс уақыты өзгереді

347

Оған ұшу-қону жолағындағы күрделі жөндеу жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1 мамырдан бастап Астана әуежайының жұмыс уақыты өзгереді Фото: inbusiness.kz

Әуежайдың әлеуметтік желідегі парақшасындағы Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енгені хабарланды.

"2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады. Осыған байланысты Астанадан немесе Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде", - делінген хабарламада.

Осы ретте әуежайдағылар жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуе компаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуе компаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу