1 маусымнан бастап электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері қымбаттайды

576

47 энергия өндіруші ұйымның 20-сында тариф бұрынғы деңгейде сақталады.  

1 маусымнан бастап электр энергиясын өндірудің шекті тарифтері қымбаттайды Фото: www.uralskweek.kz

ҚР Энергетика министрлігі "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" туралы бұйрыққа өзгерістер әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында жария етілді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұйрық жобасына берілген түсіндірме жазбада көрсетілгендей, 27 энергия өндіруші ұйым биылғы 1 маусымнан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуге өтінім берген.

"Бұл түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелді емес шығындардың ұлғаюымен, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықпен байланысты. Орташа алғанда отын құрамдас бөлігінің қымбаттауы 17% деңгейінде болжанып отыр.

Богатырь-Көмір разрезінде көмір құнының өсуі 2023 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін 7%-ға (2774 теңгеден 2 968 теңгеге дейін); 2023 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 5%-ға (2 968 теңгеден 3 092 теңгеге дейін) деп күтілуде", - делінген құжатта.

2023 жыл ішінде көмірдің құны тасымалдаумен бірге есептегенде орта есеппен 25%-ға артады, деп хабарлады министрлік.

"Бұдан бөлек Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдар үшін тауарлық газдың құнын орта есеппен 10%-ға өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, шекті тарифті түзету жылыту кезеңінен өтуге дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарының қажетті көлемін жабу үшін қажет. Бүгінде жөндеу жұмыстары тарифте көзделген көлемде ғана жүргізіледі, бірақ тозу мен апаттылықты төмендету бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін талап етілетін көлемде емес", - деп жазылған құжатқа түсіндірме жазбада.

Құжат жария талқылауға 22 мамырға дейін ұсынылады деп көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу