1 миллиард еуро көлемінде 20-дан аса коммерциялық келісім жасалды

693

1 миллиард еуро көлемінде  20-дан аса коммерциялық келісім жасалды

Бүгін Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің отырысында дәл осыншама қаржыға бағаланған құжаттарға қол қойылды. Негізгі бағыт энергия үнемділігі мен тиімділігі, машина құрастырыу және құрылыс саласы, сондай-ақ жоғары технологиялар бойынша серіктестікті орнату. Кеңестің тең төрағасы Ерболат Досаев мәлімдегендей елімізде соңғы 25 жылда Германия капиталының қатысуымен 1500 экономикалық нысандар іске қосылған. Олардың ішінде бірлесіп ашылған кәсіпорындар, неміс компанияларының бөлімдері және қаржы институттары бар. Жиынға 50-ден астам германиялық делегаттар мен 80-ге жуық отандық мамандар қатысты.

Ульф Вокурка, "Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасы:

"Бүгін біз Қазақинвест шетелдіктерге жәрдемдесіп жатқанына куә боламыз. Атап айтсақ, Германиялық кәсіпкерлерге Қазақстан нарығымен етене жаққын танысып, өз серіктестер табуға мүмкіндік туып жатыр. Олар әрине, экономикалық аймақтар, өнеркәсіп кластерлері, басқа да салалар бойынша."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу