1 млн 122 мың адам 42 500 теңге алды

1006

Төлем алуға өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.  

1 млн 122 мың адам 42 500 теңге алды

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек,  22 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға 1 млн 730 мың өтініш түскен. Соның ішінде 1 млн 309 мың азаматқа тағайындалған.
"Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды",– дейді министрліктен. 

Төлем алғандардың 782,87 мыңы проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген.

– 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 146,1 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу