1 млн гектар суармалы жер айналымға енгізіледі

725

Ауыл шаруашылығы саласында 77 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

1 млн гектар суармалы жер айналымға енгізіледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2023-2030 жылдар аралығында 1 млн гектар суармалы жер айналымға енгізілетінін мәлімдеді. 

"2021-2023 жылдар аралығында Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында құны 274 млрд теңгені құрайтын 492 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жұмысы жалғасады", – деді министр үкімет сағатында. 

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, қалпына келтірілген суармалы жерлерді айналымға енгізу арқылы ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл сауда және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында мультипликативтік нәтиже береді. 

"2023-2030 жылдар аралығында 1 млн гектар суармалы жер айналымға енгізіледі. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 570 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу