1 млрд теңгеге жуық ақша кеткен "Көне Тараз" музейі неге қаңырап тұр?

395

Бұл ғимараттың салынғанына 8 жыл болған. 

1 млрд теңгеге жуық ақша кеткен "Көне Тараз" музейі неге қаңырап тұр? Фото: Kazakhstan.Travel

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров өзінің депутаттық сауалында "Көне Тараз" мұражайының қазіргі жағдайына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мұражай 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған еді. Жаңа құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 950 млн теңге  қаржы жұмсалғаны ақпарат көздерінде де, облыстық мәслихат жиындарында да ашық айтылды. "Көне Тараз" музейі" ғимараты салтанатты түрде ашылғанда көпшіліктің қуанышында шек болмады. Сол кезде Мәдениет министрлігі ең бағалы тарихи экспонаттарды осы музейге әкеп қойды. Алайда, бұл көзалдау ғана болды. Атағы дүрілдеп шыққан музей арада бір апта өтпей жатып, есігін тарс жауып тастады", - деді депутат.

Мұқаш Ескендіровтің сөзінше, ғимарат жарамсыз күйде тұр. Жергілікті әкімдіктің қосымша қаржы жұмсап жөндегенінен де пайда болмаған.

"Содан бері 8 жыл өтті. Осы арада бірнеше облыс әкімдері мен салалық министрлер ауысып үлгерді. Музей ғимараты босқа қаңырап тұр. Бұл мәселе бойынша талай мәрте дабыл қағылды. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім қабылданған жоқ. 1 млрд теңгеге жуық мемлекет қаржысы құмға сіңген судай болып отыр", - деп жалғастырды мәжілісмен.

Мұқаш Ескендіров аталмыш мұражай мәртебесінің айқындауды сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу