1 мың тоннадан астам өнім өндірді

973

1 мың тоннадан астам өнім өндірді

Ақмола облысында "Blic Terminal" ЖШС май зауыты бір мың тоннадан астам өнім өндірді, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапары аясында Зеренді ауданында болып, таяуда  іске қосылған өндірістік және өнеркәсіптік жобалардың қызметімен танысты, сондай-ақ әлеуметтік нысандарға барып қайтты.

"Қонысбай ауылдық округінде өткен жылғы желтоқсанда майлы дақылдар мен бидай өңдеу кешені іске қосылды. Май зауытының өндірістік қуаттылығы жылына 12 тонна күнбағыс, рапс, соя майын құрайды. Жобаның жалпы құны 900 млн теңге", - делінген хабарламада.

Көлемі 1 және 5 литр майға сұраныс бар және оның құны нарықтық бағаға қарағанда төмен. Жалпы, 2016 жылы зауыт 1,02 мың тонна өнім өндірген, оның ішінде тазартылмаған май - 600 тонна, тазартылған май - 400 тонна, жом - 2 тонна. Өткізу нарығы – ішкі нарық, Ресей және Қырғызстан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу