1 мыңға жуық нысан карантин талаптарын бұзған

748

Еліміз бойынша 10 мың мекеме санитарлық тексерістен өтті.  

1 мыңға жуық нысан карантин талаптарын бұзған

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

"Өңірлердегі жедел штабтар апта сайын мейрамханалар мен кафелер сынды кәсіпкерлік нысандарды санитарлық талаптардың сақталуына тексеруде. Тек өткен аптада 10 мыңға жуық нысан тексерілді. Оның 1 мыңынан астамы санитарлық талаптарды бұзған. Біразы уақытша қызметтерін тоқтатты", – деген Тимур Сұлтанғазиев қазіргі уақыттағы ахуалды баяндады.

"Елімізде індет жұқтырғандардың жалпы саны 8531 адам. Оның 3118-і ем қабылдауда. 4352 науқас жазылды. Бүгінде 209 жаңа жағдай тіркелді. Инфекцияның таралу деңгейі 2,5%-ды құрайды", – деді  ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу