1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады

427

Алматыда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындық басталды.  

1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2025 жылы көктемгі және күзгі шақыру жоспарлы түрде өтті. 3 520 азаматты әскерге жіберу жоспарланса, іс жүзінде 3 547 адам аттанды (100,6%).

Шақырылғандардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Ұлттық ұланға жіберілді", – делінген хабарламада.

Әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылып, тұрақты бақылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу