Биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанда темекі бағасы өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың бұйрығымен фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді:
2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін бір қорап темекі 550 теңге тұрады;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір қорап темекі –  570 теңге;
2023 жылғы 1 қаңтарда – 600 теңге.
Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу