1 пайызбен несие беріледі

1264

1 пайызбен несие беріледі

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері бизнес үшін жылына 1%-бен несие алады, деп хабарлайды "Даму" қорының баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлігін дамыту үшін "Даму" қоры 1,8 млрд теңге бөледі. Жергілікті атқарушы билік бұған қоса 900 млн теңге қарастырады. Осылайша Маңғыстау облысындағы "Нұр Капитал" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жалпы сома 2,7 млрд теңгені құрайды.

Аталған бағдарлама бойынша алғашқы 322 млн теңге қаржыны бірінші болып "ForteBank" АҚ алды.

"Нұр Капитал" осы өңірге қаржыны теңдей бөліп беру мақсатында, Маңғыстау облысында (Ақтау қаласынан басқа) тіркеліп, жұмысын жүргізіп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға арналған аймақтық бағдарлама аясында дайындалған.

Бір борышкердің қолына тиетін шекті сома 30 млн теңгеге дейін, ал мерзімі 7 жылға дейін, кәсіпкер үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8,5%-дан аспайды.

"Нұр Капитал" бағдарламасы бойынша қаражат алған кәсіпкерлер "Даму" қорының көмегімен несиені субсидиялай алады. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлемені 8,5%-дан 1%-ға дейін төмендете алады.

"Мұндай қолайлы жағдай – жаңа өнімдер мен жаңа кәсіпорындар қатарын көбейтіп, Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерліктің биік белеске көтерілуіне септігін тигізеді", - деді "Даму" қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиал бастығы Гүлжан Қалымбетова.

Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпкер несие сомасының 85 пайызына дейін "Даму" қорының кепілдігін пайдалана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу