1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі қымбаттады

331

Қаржы министрі темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді.​

1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі қымбаттады Фото: kt.kz

Жауапты ведомоствоның 2026 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен сүзгілі және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне белгіленетін ең төменгі бөлшек сауда бағасына өзгерістер енгізіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында сүзгілі және сүзгісіз 20 тал темекінің, папиростың, сигарилланың және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1060 теңге болып белгіленді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 970 теңге болған.

Сондай-ақ құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған өнімдердің бір қорабының ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1120 теңгеге дейін көтерілетіні көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу