1 тоннадан астам балық өлексесі жиналды

384

Атырау облысында тағы да балық қырылды. 

1 тоннадан астам балық өлексесі жиналды

Мыңдаған кефальдің өлексесі Исатай ауданына жақын маңнан анықталған. Жануарлар теңізден 3 шақырымға дейінгі жерде қалып қойыпты. Оған себеп Каспийдегі қума-жел құбылысы екен. Су айдыны 1 тәулікке жетер жетпес уақытта жағадан 15 шақырымға  шегініпті. Жауапты мамандар аумақтан 1 тонна 380 келі кефаль балығын жинап алған. Бұл табиғи апат болғандықтан ешқандай іс қозғалған жоқ. Айта кетсек, мұндай факті соңғы рет былтыр Жылыой ауданында болған көрінеді. Басқарма өкілдері деректі кеш анықтағандықтан, өлексені жинап алуға мүмкіндік болмай, сол күйі қалдырған болатын.

"Каспий теңізінің аймағы үнемі желдің бағытымен, су деңгейі қозғалады. Қума жел құбылыстары салдарынан теңіз суының тез қайтуы 1 пен 25 км аралығында қашықтап кетеді. Сол кезде орындарда бізде кефаль балығы қалған. 1 тонна 380 келісі жиналып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, жерге көмілді", - деді Балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Әсел Ищанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу