1 желтоқсанда қоғамдық көліктерде жүру тегін болады

643

1 желтоқсанда қоғамдық көліктерде жүру тегін болады

Павлодарда Тұңғыш президент күні және Тәуелсіздік күні ауқымды мерекелік бағдарлама жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық әкімдікте айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Халықтық мереке мен жәрмеңке 30-қарашада басталады.

"1 желтоқсанда барлық азаматтар үшін қоғамдық көліктерде жүру тегін болады, - дейді қала әкімінің баспасөз қызметінде. – Бұдан бөлек, бұл күні "Сарыарқа" шағын ауданында екі тұрғын үйдің кілттері табысталады".

Тұңғыш президент күні кинотеатрлар мен сауда нүктелерінде жеңілдіктер қарастырылған. Алаңдарда бұқаралық және спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Тәуелсіздік күніне орай жаңа шағын ауданда тұрғындар қоныс тойын атап өтеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу