10 500 адам бизнес дағдысын меңгеріп жатыр

674

Жалдамалы жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының қысқаруы есебінен соңғы 3 жылда жұмыс күшінің саны артты. 

10 500 адам бизнес дағдысын меңгеріп жатыр

Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың 2 тоқсанында уақытша жұмыспен қамтылған халық саны 4 есеге өсіп, 536 мың адамды құраған. Шектеу шаралары кезінде қашықтан жұмыс істеу мен икемді жұмыс формасы кеңінен тарап, жыл соңында уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 147 мың адамға қысқарған. 

"Бейресми жұмыспен қамтылғандар саны азайып, 14% құрап отыр. 
Биыл 1 млн 200 мың адамды жұмысқа орналастырамыз деген жоспар бар. 
"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен - 700 мың, "Жұмыспен қамтуды жол картасымен" - 32 мың, өзге де мемлекеттік бағдарламалармен - 440 мың адам
қамтылады", – деді Серік Шәпкенов. 

Оның айтуынша, қазір "Бастау бизнес" жобасы бойынша 10 500 адам бизнес дағдысын меңгеріп жатыр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу