10 мал бордақылау кешені ашылып, 100 мың ірі қара өсіріледі

1149

Алматы облысында биыл 8 мың тонна ет экспортқа шығарылмақ.

10 мал бордақылау кешені ашылып, 100 мың ірі қара өсіріледі

Алматы облысында ірі қара саны өткен жылмен салыстырғанда 4,5 процентке өсті, деп хабарлайды 24.kz.

Ал ет көлемі 18 процентке көбейген. Өндірілген өнім Қытай, Ресей, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан және Өзбекстанға сатылды. Жалпы 6 мың 800 тонна ет экспортқа шығарылған. Сала мамандары алдағы жылы бұл көрсеткішті 8 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта 10 мал бордақылау кешені ашылып, 100 мың ірі қара өсіріледі. Сонымен қатар бірнеше ет комбинаты мен құс фабрикасы іске қосылмақ. Қазіргі таңда өңірдегі 102 шаруашылықта 25 мың ірі қара бордақыланып отыр. 8 құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. 

"Іле ауданында германиялық Бауман фирмасы қой етін өңдеуден кәсіпорын салуға инвестиция салып жатыр. Алғашқы жұмыстары басталып кетті. Келесі жылы 24 мың тонналық құс кәсіпорны іске қосылады",– дейді Серікбай Ерназаров облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу