10 мамырда еліміздің бірнеше аймағында жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін

449

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 мамырдағы Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

10 мамырда еліміздің бірнеше аймағында жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін Фото: canva.com

Жексенбі күні еліміздің барлық аймағында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Көптеген өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Сонымен қатар желдің күшеюі байқалады.

Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Қызылорда, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір бөліктерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ Қызылорда облысының шығысы, Абай облысының оңтүстігі мен орталығы, Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу