10 медициналық ұйымға жоғары санатты аккредиттеу туралы куәлік берілді

967

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстанның медициналық ұйымдарын 2018 жылы аккредиттеуді қорытындылады.

10 медициналық ұйымға жоғары санатты аккредиттеу туралы куәлік берілді

Бүгін 2018 жылы жоғары санатты алған 10 медициналық ұйымға аккредиттеу туралы куәлік салтанатты түрде берілді, деп хабарлайды ДСДРО баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстанның медициналық ұйымдарын 2018 жылы аккредиттеуді қорытындылады.

2018 жылы жеке сектордағы медициналық ұйымдардың қатысу үлесі 32% (30МҰ), ал мемлекеттіктердің үлесі 68% (65 МҰ) құрады.

Жалпы аккредиттеу рәсіміне 95 медициналық ұйым қатысқан, оның ішінде 4-еуі (4,2%) бағалаудан сәтті өтпеген болса, 10 (10,5%) медициналық ұйым – жоғары санатты, 43-і (45,3%) бірінші санатты және 38 (40%) екінші санатты алды.

Олардың ішінде University Medical Center КҚ, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ, "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ,  "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ, Алматы қ. "Репродуктивті медицина институты" ЖШС, Алматы қ. "ЭКО орталығы" ЖШС, Алматы қ. "Орталық қалалық клиникалық аурухана" ШЖҚ МКК, Алматы қ. "Орталық клиникалық аурухана" АҚ, Шымкен қ. "Облыстық клиникалық аурухана" ШЖҚ МКК, Ақтау қ. "Sofie Medgroup/Софи Медгрупп" көпсалалы клиникасы" ЖШС бар.

"Аккредиттеудің негізгі міндеті -медициналық көмектің сапасы және пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігі. Сондықтан медициналық мекемеде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы қызмет көрсету сапасының белгілі бір деңгейін, пациент үшін қауіпсіздік пен жайлылықты куәландырады", – дейді орталықтың басшысы Ботагөз Қауіпбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу