10 млн теңге бопсалап, көлігін тартып алған: Шымкентте қылмыс жасаған 2 адам сотталды

141

Жәбірленуші тұрғын полицияға шағымданып арыз жазған.

10 млн теңге бопсалап, көлігін тартып алған: Шымкентте қылмыс жасаған 2 адам сотталды Фото: Видеодан скриншот

Осыдан кейін полиция рэкет болған екі ер адамды ұстап, үйлеріне тінту жүргізген. Тінту барысында қару мен оқтар табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қала тұрғынынан 10 млн теңге бопсалап, автокөлігін тартып алғандар сот үкімімен 5 жылға сотталды.

"Жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде бопсалау арқылы алынған "Mercedes-Benz" автокөлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды. Сот шешімімен құқық бұзушыларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу