10 мың теңгелік ескі банкнот айналымда тағы 1 жыл болады

189

Себебі бұл купюралар халық арасында сұранысқа ие. 

10 мың теңгелік ескі банкнот айналымда тағы 1 жыл болады Фото: inbusiness.kz

10 мың теңгелік ескі үлгідегі банкнотаны пайдалану мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Иә, біз (пайдалану) мерзімін тағы бір жылға ұзартуды жоспарлап отырмыз. Бұл банкноталар сұранысқа ие. Қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер мерзімін ұзарту туралы өтініш айтқан болатын", – деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, енді 10 мың теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі 2027 жылғы 27 маусымда аяқталады. 

Бұған дейін бұл мерзім 2026 жылғы 27 маусымға дейін болуы тиіс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу