10 мыңнан аса жұмыскерге 2,6 млрд теңгенің жалақысы төленбеген

181

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстандағы жұмысшыларға жалақы берешегі және еңбек құқығының бұзылуы бойынша фактілерді анықтады.

10 мыңнан аса жұмыскерге 2,6 млрд теңгенің жалақысы төленбеген Фото: Абзал Қалиев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлауынша, 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды.

"Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", – деп жазылған хабарламада.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды және оларға 2,2 млрд теңге төленді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізіп, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

  • еңбек саласында – 6 362;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 495;
  • халықты жұмыспен қамту бойынша – 45.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу