10 трансұлттық компаниямен АӨК-ке қатысты келіссөз жүргізілді

1123

10 трансұлттық компаниямен АӨК-ке қатысты келіссөз жүргізілді

XI АЭФ шеңберінде ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар ресми құжаттарға қол қойды. Ірі трансұлттық компаниялар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне қаржы ресурстарын ғана емес, қазіргі заманғы технологиялар трансфертімен де қамтамасыз етуге дайын, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің жылдық өсім қарқыны 104,5% құрап отыр. Қазақстанның табиғи ресурстарының әлеуеті мен агроөнеркәсіп кешені қорлары еліміздің одан әрі қарқынды дамуы үшін негіз болып табылады.

Астана экономикалық форумы аясында ірі трансұлттық компаниялармен, соның ішінде "Crемоnini" ("Inalca Eurasia Holding"), Италия, "M.A.D. Developing Agricultural Projects", Израиль, "Cedar Meаts", Австралия, AGCO, США "Golden Camel GROUP LTD", Қытай, "Hyundai Corporation", Оңтүстік Корея, "Dunbia", Ұлыбритания компанияларымен жалпы көлемі 300 млрд теңгені құрайтын меморандум және жол карталарына қол қойылды.

Аталған компаниялар ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін өндірушілер арасында көшбасшы болып табылады.

Жобаларға қол қойылғаннан кейін инвесторлармен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараны ашқан ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ірі шетелдік инвесторларды Қазақстанға тарту, өнеркәсіптің экономикалық және технологиялық әлеуетін одан әрі дамытудың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу