10 үздік инвестор елдің тізімін жасалды

610

10  үздік инвестор елдің тізімін жасалды

ҚР Ұлттық банкінің дерегі бойынша, 2005 жылдан 2018 жылдың 1-жартыжылдығына дейінгі кезеңде Қазақстанға 277 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылған. 2018 жылдың 1-жартыжылдығында 12,3 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 15,4%-ға артық.

ҚР ИДМ инвестиция комитеті үздік 10  инвестор елдің тізімін жасады. Алғашқы үштікке Нидерланды, АҚШ және Швейцария кіріп отыр.

1. Нидерланды - 81,8 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 29,5%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 3,8 млрд доллар;
2. АҚШ - 33,7 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 12,2%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 2,8 млрд доллар;
3. Швейцария  - 21,9 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 7,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 1,3 млрд доллар;
4. Қытай -  16,4 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 5,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 776,3 млн. долл.;
5. Франция - 14,6 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 5,3%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 431,6 млн доллар;
6. Ұлыбритания - 13,0 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 4,7%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 292,9 млн доллар;
7. Ресей Федерациясы - 12,6 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 4,5%-н құрайды, биыл 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 821,0 млн доллар;
8. Виргин аралдары - 10,1 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 1,6%-н құрайды,  биыл 1-ші жартыжылдықта 85,7 млн доллар;
9. Бельгия - 7,0 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 2,5%-н құрайды,  биыл 1-ші жартыжылдықта - 797,5 млн доллар;
10. Жапония - 5,9 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 2,1%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 187,5 млн долл.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу