Күдікті Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен елге әкелінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында көрсетілген тұлға 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсету сылтауымен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражатын алдау жолымен иемденгені анықталып отыр.
Қылмыс жасағаннан соң күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
– 2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді.
Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды, – делінген ресми мәліметте.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған