100-ден аса адамның атынан кредит алған банк қызметкері ұсталды

1489

Бүгінде бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

100-ден аса адамның атынан кредит алған банк қызметкері ұсталды

Түркістан облысы Сайрам ауданында банк қызметкері мен оның сыбайласы 100-ден аса адамның атына заңсыз жолмен кредит рәсімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Аудандық полиция басқармасына әйел хабарласып, белгісіз біреулер оның атына 3,5 млн теңге алғанын айтқан. Жәбірленуші банктен хабарлама келген кезде тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Кейін 100-ден аса адамның алаяқтарға алданып қалғаны белгілі болды.

Полицейлер куәгерлер мен банк қызметкерлерінен жауап алған. Осылайша, олар күдіктінің ізіне түскен. Ол жұмыссыз жас қыз екені анықталған.

"Тергеу барысында алаяқтық қылмысына банк қызметкерінің қатысы бары анықталды. Күдіктілер ұсталды. Олар бір схема бойынша әрекет еткен. Қыз клиенттерді тапқан. Кейін ол жәбірленушілерге 50 000 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген. Осылайша, күдікті тұрғындардың жеке мәліметтерін пайдаланған", – деп жазылған хабарламада.

Күдікті бұл мәліметтерді банк қызметкеріне берген. Кейін ол тұрғындардың атына кредит рәсімдеген.

Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу