100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді - министр

454

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы үш жылда 100 мың қазақстандық студент Coursera платформасына қол жеткізе алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді - министр Фото: t.me/SayasatNurbek

"Биыл наурыздан бастап біздің барлық студенттер Coursera-ның барлық курстарына қол жеткізе алады және арнайы таңдалған 654 Coursera курсы толығымен қазақ және орыс тілдеріне аударылып, бейімделеді. Осылайша, біз ең жоғары сапалы мазмұнға қол жеткіземіз. Біздің университеттер де өз контентін әзірлеуге және оны Coursera платформасына жүктеуге мүмкіндік алады. Яғни, біз университеттерімізге, ең алдымен, профессорларға ақша табуға береміз", - деді министр "Цифрлық Алматы: жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік" форумында.

Бұған дейін Саясат Нұрбек Coursera курстарына биыл өңірдің 25 университетінен 20 мың қазақстандық студент қатыса алатынын айтқан болатын.

Қазіргі уақытта әлемдік білім беру платформасының бағдарламалау және цифрландыру, математика, физика, маркетинг және т.б. салаларын қамтитын 50 басым курстары қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Басым курстар тізіміне АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші университеттерінің бағдарламалары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу