100 жаңа есімді анықтауға өтініштер қабылдау басталды

1173

Жобаның нәтижелері осы жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өтетін презентацияда жарияланады.

100 жаңа есімді анықтауға өтініштер қабылдау басталды

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Рухани Жаңғыру" Қазақстандық әлеуметтік даму институты 1 қазаннан бастап 100janaesim.ruh.kz сайтында "Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы" жобасына өтінімдер қабылдауды бастады, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Министрліктің бастамасын өткен жылдардағы ең белсенді жеңімпаздардан тұратын Бюро 100 командасы қолдауда. Олар байқауға ең лайықты үміткерлерді іздестіру үшін Қазақстанның барлық аймақтарына баруды көздейді. Команда әлеуметтік желілерден жоба қатысушыларын іздеудің барлық кезеңдерін көрсетеді.

Жоба 2019 жылы Жастар жылына арналады. Қатысуға 39 жасқа дейінгі, Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де кез келген қызығушылық танытқан адамдар қатыса алады. Ғылым, қоғам, медицина, бизнес, мәдениет және спорт саласындағы нақты жетістіктерге жеткен өтінімдер қаралатын болады.

Қатысу үшін www.100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Құқық бұзушылықтар немесе басқа да жалған жағдайлар, оның ішінде онлайн дауыс беру кезінде алаяқтық жағдайында, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын өзіне қалдырады. Қажет болған жағдайда қатысушылар ұйымдастырушыларға қосымша ақпарат беруге дайын болуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу