100 және 200 еуролық жаңа банкноттар айналымға енді

971

Бұрынғы үлгідегі 100 және 200 еуролық банкноттар әзірге заңды төлем құралы болып қала бермек. Алайда уақыт өте қолданыстан толығымен шығарылады.

100  және 200  еуролық жаңа банкноттар айналымға енді

Еуроаймақ елдерінде номиналы 100 және 200 еуролық жаңа банкноттар айналымға  енді, деп хабарлайды Atameken Business.

­­

Жаңарған банкноттардың бұрынғы түсі өзгертілмеген. Ал номинал сандары зүбәржат түстес және үлкен қаріппен жазылған. Банкноттардың ені де өзгерген. Енді екеуінің көлемі 50 еуролық қағаз ақшамен бірдей болады. Соның арқасында оларды әмиянға салу жеңілдей түспек.

Айта кетейін, бұрынғы үлгідегі 100 және 200 еуролық банкноттар әзірге заңды төлем құралы болып қала бермек. Алайда уақыт өте қолданыстан толығымен шығарылады.

"Әрине, банкнот жасаудағы ең маңызды аспект –  жалған ақша жасауды болдырмау. Жаңа қағаз ақшаларды шығарарда осыған аса мән берілді. Біз банкнот жасауда өте күрделі қауіпсіздік бағдарламаларын дамытуға тырысамыз. Өйткені біздің банкноттың сапасы жалған ақша жасаушылардан әлдеқайда жоғары болу керек",– дейді Еуропалық орталық банкінің бөлім басшысы Тон Русо.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу