Сондай-ақ, жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.
Нәтижесінде 2026 жылдың сәуірінде запасқа шығарылған 1000-нан астам қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
2023 жылы іске қосылып, заңнамалық тұрғыда бекітілген жоба ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша түседі. Тағы бір қуанышты жаңалығы, жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Гранттардың бөлінуі:
Қорғаныс министрлігі – 492;
Ұлттық ұлан – 493;
ҰҚК Шекара қызметі – 112;
ТЖМ – 28;
Мемлекеттік күзет қызметі – 29.
"Сарбаз 2.0" – жастар үшін білім алуға және кәсіби дамуға жол ашатын тиімді әлеуметтік мүмкіндік.
Бірнеше күн бұрын ғана "Енді әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек беріледі" деген тақырыпта материал жариялаған едік.