Маңызды саяси науқанға 105 жастағы майдангер де қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні дауыс беру учаскесіне ерте келіп, алғашқылардың бірі болып бюллетень алып, дауыс берді.
Қария бұл күннің маңызын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
Майдангер ел тарихындағы сайлау мен референдумдардың бірде-бірінен қалыс қалған емес.
Ол әр азамат мемлекет үшін маңызды істерге бейжай қарамай, өз таңдауын білдіруі тиіс екенін айтып, комиссия мүшелеріне сәттілік тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу