109 830 азамат ипотекасыз үй алды

708

Еліміздің 200 мыңнан астам азаматы enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинағын пайдаланды.

109 830 азамат ипотекасыз үй алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да ашылған арнайы шоттарға 8 шілдедегі жағдай бойынша 1,5 трлн теңгеден астам қаражат аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БЖЗҚ баспасөз қызметінің дерегінше, 45 күннің ішінде пайдаланылмауына байланысты 176 млрд теңге қорға кері қайтарылды. 205 659 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1,2 трлн теңге зейнетақы төлемін пайдаланды. Жинағын жұмсағандардың үштен бірі - әйел (64 685), үштен екісі - ер адам (140 974) болды. 

Біржолғы зейнетақы төлемін қолдану бойынша бірінші орынға Маңғыстау облысының тұрғындары орналасты. 33 682 маңғыстаулық 12 млрд теңгені кәдеге жаратты. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары тұр. 

Елорданың 32 216 тұрғыны 197 млрд теңгеге жуық қаражатты қолданды.  Алматы қаласы – үшінші орында. 27 396 алматылық 213 млрд теңгеге жуық ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге шығындады.  

"Біржолғы зейнетақы төлемін "Отбасы банкінен" ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданған 9 359 қазақстандық, қайталама нарықтан 167 млрд теңгеден астам ақшаға пәтер алды. Қалған 1 729 адам алғашқы нарықтан тұрғын үй сатып алуды жөн көріп, 36 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады. 100-ден астам адам 2 млрд теңгеден көп зейнетақы жинағын құрылысқа, жөндеу жұмысына және қайта қаржыландыруға арнады. 2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша 37 428 клиент "Отбасы банкіндегі" қарызын ішінара немесе толық өтеді. 27 646 клиент ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда ипотекалық заем бойынша қарызын ішінара немесе толық қайтарды. 109 830 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үйді толық өтеу арқылы сатып алды. 11 254 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша "Отбасы банкінде" ипотекалық тұрғын үй заемын рәсімдеді. 5 591 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі. 2 351 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді. 302 клиент жинағын жер телімін сатып алуды қоса алғанда жеке тұрғын үй салу үшін пайдаланды. 11 257 клиент емделу ақысын төледі", – деп жазды БЖЗҚ баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу