Алматы облысында бақбақтан каучук өндірілмек

1947

Жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі бөлінді. 

Алматы облысында бақбақтан каучук өндірілмек

Алматы облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасы бақбақтан каучук жасайтын кәсіпорын ашуға 40 млрд теңге қажет, дейді. Қазіргі кезде Қазақстан тарапынан жобаны қолдайтын инвесторлар іздестіріліп жатыр.  

"Зауыт құны 40,5 млрд теңгеге бағалануда. Оны салу үшін "Самрұқ-Қазына Инвест" және АҚШ инвесторларымен алдын ала келісім жасалды",– деді  басқармада. 

Бүгінде көксағыз сұрыпты өндірістік бақбақ өсіру үшін 150 гектар аумақ бөлінгені белгілі. Одан бөлек кәсіпорын құрылысы үшін қосымша 15 гектар жер телімі қажет. Бұл мәселені басқарма мамандары қарастыруда. 

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, зауыт жылына 532 тонна каучук өндіреді. Дайын өнімді толығымен АҚШ-қа экспорттау жоспарланып отыр. Кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтымақ. Жобаның толығымен жүзеге асырылу кезеңі қазірге белгісіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу