11-қабаттың ашық балконында емін-еркін жүрген балалар жұртты шошытты

Оқиға Ақтау қаласында болған. 

11-қабаттың ашық балконында емін-еркін жүрген балалар жұртты шошытты Фото: Бейнежазбадан

Балконның қоршауына мініп ойнаған балаларды тұрғындардың бірі таспалап алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бейнежазбадан екі кішкентай қыздың биік үйдің балконында асыр салып ойнағанын байқау қиын емес. Видеода олардың қасында бірде-бір ересек адам жоқ. Қауіпсіздік ережесі еш ескерілмеген. 

– Мұндай қайғылы оқиғалар ересектердің салғырттығынан болады. Қазір балалар жазғы демалыста, қауіп күшейе түседі, – дейді ТЖД профилактика басқармасының басшысы міндетін атқарушы Мейірбек Исаев.

Сол себепті ТЖД мамандары тұрғындарға мынадай ескерту жасайды:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
  • Терезелерге қауіпсіздік шектеуіштер орнатыңыздар;
  • Балалардың ашық терезе мен балконға жақындауына жол бермеңіздер.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты 8 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың толық жылдық дерегінен (5 жағдай) жоғары болып тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу