Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болжанады, әсіресе оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
Алматыда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 3-8, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7°C.
Шымкентте бұлтты, жаңбыр, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +4…+6°C.
Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +8…+10°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +1…+3°C.
Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +5…+7°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +2…+4°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.
Қонаевта көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7°C.
Қостанайда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +1…+3°C.
Қызылордада көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C.
Оралда бұлтты, жаңбыр, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.
Өскеменде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +2…+4°C.
Павлодарда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +1…+3°C.
Петропавлда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.
Семейде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +1…+3°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +8…+10°C.
Таразда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с Ауа температурасы түнде және күндіз +6…+8°C.
Түркістанда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +4…+6°C.
"Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі.
Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясы.