Тұман, жел, боран: 11 наурызға ауа райы болжамы

241

"Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жасады.    

Тұман, жел, боран: 11 наурызға ауа райы болжамы Фото: gov.kz

"Қазгидромет" РМК 11 наурызда Қазақстанның 17 облысында боран, қар, тұман және желдің күшеюіне байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысы: батысында және солтүстік-шығысында қар, боран, тұман күтіледі. Желдің екпіні кейде 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысы: түнде батыс, солтүстік және шығыс аудандарында желдің екпіні 23-30 м/с, күндіз кейбір өңірлерде 30 м/с және одан да көп болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысы: күндіз желдің екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с, қар және боран сақталады.

Түркістан облысы: таулы аудандарда қалың қар, төменгі боран, тұман және көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысы: қар, боран, кейде тұман. Желдің екпіні 23-30 м/с дейін.

Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстары: қар, боран, көктайғақ, кейбір өңірлерде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетеді.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары: тұман, кейде қар, желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы қаласы және Қонаев: тау бөктерлерінде қар, кейде қалың қар, тұман, көктайғақ. Желдің екпіні 15-28 м/с.

Тараз қаласы: кейде тұман, көктайғақ; желдің екпіні 15-25 м/с.

"Қазгидромет" тұрғындарға жолдағы қозғалыста сақ болуға, ауа райының қолайсыздығын ескеруге және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу